31 желтоқсаннан бастап Tethys Petroleum Limited компаниясының KYG876361257 (KY_TPL_) жай акциялары эмитенттің бастамасы бойынша KASE ресми тізімінен шығарылады
/KASE, 30.12.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листинг комиссиясының 2025 жылғы 30 желтоқсандағы шешімімен Tethys Petroleum Limited компаниясының KYG876361257 (KASE баламалы алаңы, "акциялар" секторы, KY_TPL_) жай акциялары KASE ресми тізімінен шығарылды.
Листинг комиссиясының бұл шешімі 2025 жылғы 31 желтоқсаннан бастап күшіне енеді.
Бұл шешім Tethys Petroleum Limited компаниясының аталған акцияларды KASE ресми тізімінен ерікті түрде делистингке шығару туралы өтініші негізінде қабылданды.
Көрсетілген акциялар KASE ресми тізіміне екінші санат бойынша 2015 жылғы 20 қарашадан бастап енгізілді, 2017 жылғы 01 маусымнан бастап олар KASE ресми тізімінің баламалы алаңының "акциялар" секторында айналыста болған. Олармен сауда-саттық 2016 жылғы 17 ақпаннан бастап ашылды.
[2025-12-30]