Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
31 желтоқсаннан бастап "MONOLIT-GROUP" ЖШС-ның KZ2P00016082 (MNLTb1) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық режіміне көшіріледі
/KASE, 30.12.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылғы 31 желтоқсаннан бастап "MONOLIT-GROUP" ЖШС-ның KZ2P00016082 (KASE балама платформасы, "облигациялар" санаты, MNLTb1; 1 000 теңге, 1,0 млрд теңге; 26.12.25 – 26.12.27; тоқсандық купон, жылдық 22,00%; 30/360) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық режіміне көшірілетінін хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигацияларға баға белгілеудің дәлдігі облигацияның номиналды құнынан пайызбен көрсетілген "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленді, баға белгілеу валютасы – Қазақстан теңгесі.
Көрсетілген облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланған: толығырақ
[2025-12-30]