KASE 2026 ЖЫЛДЫҢ ҚАҢТАРЫНА ӨТІМДІЛІКТІҢ БІРІНШІ, ЕКІНШІ ЖӘНЕ ҮШІНШІ КЛАСТАРЫНДАҒЫ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ ТІЗІМДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРДЫ
/KASE, 30.12.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) KASE-нің "Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі" атты ішкі құжатына сәйкес KASE-де айналысқа жіберілген бағалы қағаздардың ішінен 2026 жылдың қаңтарына өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарындағы акциялардың, депозитарлық қолхаттардың және инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарының тізімдерін (бұдан әрі – Бағалы қағаздар тізімдері) қалыптастырды.
Бағалы қағаздардың тізімдері Индекстер мен индикаторлар жөніндегі комитеттің 2025 жылғы 23 желтоқсандағы шешімімен бекітілді және ондағы бағалы қағаздарға KASE ішкі құжаттарының нормаларын қолдану мақсатында қалыптастырылды.
2026 жылғы 01 қаңтардан 31 қаңтарға дейін қолданыста болатын өтімділіктің бірінші класындағы бағалы қағаздардың тізіміне 73 атаудағы бағалы қағаздар енгізілген. 2025 жылдың желтоқсан айына жасалған өтімділіктің бірінші класындағы бағалы қағаздардың қолданыстағы тізімімен салыстырғанда тізімге мыналар енгізілді:
1)ETF US74349Y5713 ("KASE Global" секторы, ETHT_KZ) ProShares Ultra Ether ETF;
2)ETF US4642872422 ("KASE Global" секторы, LQD_KZ) iShares iBoxx $ Investment Grade Corporate Bond ETF;
3)ETF US74347G1849 ("KASE Global" секторы, BITI_KZ) ProShares Short Bitcoin ETF;
4)"Эйр Астана" АҚ-тың US0090632078, US0090631088 жаһандық депозитарлық қолхаттары ("туынды бағалы қағаздар" секторы, AIRAd), олардың негізгі активтері KZ1C00004050 жай акциялары болып табылады (KASE негізгі алаңы, "премиум" санаты, AIRA);
5)"Alatau City Invest" АҚ басқаруындағы "allGA" аралық инвестициялық пай қорының (IPIF) KZPF00000132 пайлары ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, FHJIag);
6)"Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы "Еурооблигациялар қоры" ИПАҚ KZPF00000025 пайлары ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, CSECfe).
2025 жылдың желтоқсан айына қалыптастырылған өтімділіктің бірінші класының тізімінен келесілер шықты:
1)US4781601046 жай акциялары ("KASE Global" секторы, JNJ_KZ) Johnson & Johnson;
2)Micron Technology, Inc. компаниясының US5951121038 жай акциялары ("KASE Global" секторы, MU_KZ);
3)Occidental Petroleum Corp. компаниясының US6745991058 жай акциялары ("KASE Global" секторы, OXY_KZ);
4)"Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ басқаруындағы "BCC Elite" ИПАҚ-тың KZPF00000553 пайлары ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, BCCIbe);
5)"Alatau City Invest" АҚ басқаруындағы "doSTAR" ИПАҚ-тың KZPF00000173 пайлары ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, FHJIds);
6)The Utilities Select Sector SPDR Fund ұйымының ETF US81369Y8865 (сектор "KASE Global", XLU_KZ).
2026 жылғы қаңтардағы өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарындағың бағалы қағаздардың тізімдері KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланған: толығырақ
2025 жылдың желтоқсан айына өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарындағы бағалы қағаздардың тізімдері KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланған: толығырақ
Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі мына сілтеме бойынша жарияланған: толығырақ
[2025-12-30]