KZ
31 желтоқсан 2025, 08:38
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
30.12.2025 12:45 #Қаржы құралдары

30 желтоқсаннан бастап "Эксперт Лизинг" ЖШС-ның KZ2P00016470 (EXLSb1) облигациялары баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE-нің ресми тізіміне енгізілді

/KASE, 30.12.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листинг комиссиясы 2025 жылғы 29 желтоқсанда "Эксперт Лизинг" ЖШС (Алматы) KZ2P00016470 (EXLSb1; 10 000 теңге, 1,0 млрд теңге; 2 жыл; ай сайынғы купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы өткізілген сауда- саттықтың қорытындысы бойынша анықталады; 30/360) облигацияларын баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.

Листинг комиссиясының бұл шешімі 2025 жылғы 30 желтоқсаннан бастап күшіне енеді.

KASE-де аталған облигациялармен сауда-саттықтың ашылуы туралы қосымша хабарланатын болады.

"Эксперт Лизинг" ЖШС-ның қаржылық кеңесшісі – "Сентрас Секьюритиз" АҚ.

"Эксперт Лизинг" ЖШС қызметінің негізгі түрі – лизинг қызметі.

Көрсетілген облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланған: толығырақ

[2025-12-30]