30 желтоқсаннан бастап KASE-де АҚШ Қаржы министрлігінің US91282CBT71 (US_82_2603) халықаралық облигацияларымен сауда-саттық уақытша тоқтатылды
/KASE, 29.12.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылғы 30 желтоқсаннан бастап KASE-де АҚШ Қаржы министрлігінің US91282CBT71 ("мемекелеттік бағалы қағаздар" секторы, US_82_2603) халықаралық облигацияларымен орталық контрагенттің қатысуымен жасалатын сауда-саттық режіміндегі және есеп айырысуы 2026 жылғы 30 наурызға және одан кейінгі күндерге түсетін репо операциялары бойынша сауда-саттық уақытша тоқтатылатынын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE-нің "Биржалық қызметті жүзеге асыру қағидалары" атты ішкі құжатының 13-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес, KASE-де 2026 жылғы 30 наурызда осы облигациялар бойынша купондық сыйақы төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты уақытша тоқтатылды.
[2025-12-29]