KZ
29 желтоқсан 2025, 23:07
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
29.12.2025 16:05 #Қаржы құралдары

30 желтоқсаннан бастап "ФинТехЛаб" микроқаржы ұйымы" ЖШС-ның KZ2P00016553 (MFDFb5) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық режіміне көшіріледі

/KASE, 29.12.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылғы 30 желтоқсаннан бастап "ФинТехЛаб" МҚҰ" ЖШС-ның KZ2P00016553 (KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, MFDFb5; 1 000 теңге, 2,0 млрд теңге; 25.12.25 – 25.12.26; ай сайынғы купон, жылдық 23,00 %; 30/360) "таза" бағамен сауда-саттық режіміне көшірілетінін хабарлайды.

KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялар бойынша баға белгілеу дәлдігі облигацияның номиналды құнына пайызбен көрсетілген "таза" бағасының үтірден кейінгі оныншы белгісіне дейін белгіленеді; баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге.

Осы облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.

[2025-12-29]