"ForteBank" АҚ 29 желтоқсанда өткен акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында дауыс берудің қорытындысын хабарлады
/KASE, 29.12.25/ – "ForteBank" АҚ (KASE тикері – ASBN) төмендегіні хабарлады:
дәйексөздің басы
"ForteBank" АҚ (бұдан әрі – "Банк"), оның атқарушы органының (Басқарманың) орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Z05P1P0/010017, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 8/1, 2025 жылғы 29 желтоқсанда Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10.00-ден бастап 11.00-ге дейінгі аралықта Қазақстан Республикасы, Z05P1P0/010017, Астана қаласы, Достық көшесі, 8/1, 8-қабат, "Astana" мәжіліс залында өткен Банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысындағы (бұдан әрі – "Жиналыс") дауыс берудің қорытындысы туралы хабарлайды.
Бекітілген күн тәртібіне сәйкес Жиналыста келесі сұрақ қаралды және дауыс берудің нәтижесі бойынша келесі шешім қабылданды.
* * *
Күн тәртібінің 1-сұрағы "ForteBank" АҚ 2026-2028 жылдары үшін қаржылық есептілігіне аудит
жүргізуге және 2026-2028 жылдарына қаржылық шолуды жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды айқындау туралы" бойынша "КПМГ Аудит" ЖШС 2026- 2028 жылдары үшін қаржылық есептілігіне аудит жүргізетін және 2026-2028 жылдарына қаржылық шолуды жүзеге асыратын аудиторлық ұйым ретінде белгіленсін.
дәйексөздің соңы
Осы ақпарат қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде мына сілтеме бойынша орналастырылған – толығырақ
[2025-12-29]