KZ
RU
EN
27 қыркүйек 2026, 13:56
KZ
RU
EN
Кіру
29.12.2025 11:48 #Корпоративтік уақиғалар

Tethys Petroleum Limited Директорлар кеңесі KYG876361257 (KY_TPL_) акцияларын өз еркімен KASE-де листингіден шығару туралы шешім қабылдады

/KASE, 29.12.25/ – Tethys Petroleum Limited (KASE тикері – FPST) төмендегіні хабарлады:

дәйексөздің басы

Tethys Petroleum Limited Директорлар кеңесі Компанияның бағалы қағаздарын Қазақстан қор биржасының ("KASE") листингісінен өз еркімен шығару рәсімін бастау туралы шешім қабылдады. Осы шешімге сәйкес Компания KASE-ге белгіленген тәртіппен ерікті делистингке өтінім берді.

Компанияның бағалы қағаздарының KASE-де ұзақ уақыт бойы маңызды сауда-саттық белсенділігінің болмауына байланысты Директорлар кеңесі KASE-де қайталама листингті қолдау акционерлер үшін іс жүзінде артықшылық бермейді деген қорытындыға келді. Компания үшін листинг пен сауда-саттықтың негізгі орны TSX Venture Exchange ("TSXV") болып қала береді.

дәйексөздің соңы

Баспасөз мәлімдемесінің орыс және ағылшын тілдеріндегі толық нұсқасы – толығырақ

[2025-12-29]