Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
29 желтоқсаннан бастап KASE-де "KMF Банк" АҚ-тың KZ2C00016426 (MFKMb8) облигацияларымен сауда-саттық ашылады
/KASE, 26.12.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) KASE-де 2025 жылғы 29 желтоқсаннан бастап "KMF Банк" АҚ-тың KZ2C00016426 (KASE негізгі алаңы; облигациялар" санаты, MFKMb8; 1 000 теңге, 20,0 млрд теңге; 12.12.25 – 12.12.28, тоқсандық купон, жылдық 21,00%; 30/360) облигацияларымен сауда-саттық ашылатынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялар бойынша баға белгілеу дәлдігі облигацияның номиналды құнына пайызбен көрсетілген "таза" бағасының үтірден кейінгі оныншы белгісіне дейін белгіленеді; баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге.
Осы облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.
[2025-12-26]