Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
29 желтоқсаннан бастап KASE-де "Сейф-Ломбард" ЖШС-ның KZ2P00013386 (MFSLb8) облигацияларымен сауда-саттық ашылады
/KASE, 26.12.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылғы 29 желтоқсаннан бастап KASE-де "Сейф-Ломбард" ЖШС-ның KZ2P00013386 (KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, MFSLb8; 1000 теңге, 3,0 млрд теңге; 360 күн; тоқсандық купон, жылдық 18,00 %; 30/360) облигацияларымен сауда-саттық ашылатынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигацияларға баға белгілеудің дәлдігі баға белгілеу валютасымен көрсетілген облигацияның "таза емес" бағасының екінші ондық таңбасына дейін белгіленді, баға белгілеу валютасы – Қазақстан теңгесі.
Осы облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.
[2025-12-26]