KZ
26 желтоқсан 2025, 18:10
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
26.12.2025 12:41 #Корпоративтік уақиғалар

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ XS1595714087, US48667QAP00 (KMGZe12) және XS1807299331, US48667QAS49 (KMGZe15) халықаралық облигацияларын ішінара кері сатып алу рәсімінің аяқталғанын хабарлайды

/KASE, 26.12.25/ – "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ (KASE тикері – KMGZ) төмендегіні хабарлады:

дәйексөздің басы

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) ҚМГ Директорлар кеңесінің шешіміне (2025 жылғы 21 қарашадағы №19/2025 хаттамадан үзінді) сәйкес ағымдағы жылғы 22 желтоқсанда ҚМГ 2047 жылы өтеу мерзімі бар (ISIN XS1595714087, Rule 144A ISIN US48667QAP00) жалпы негізгі сомасы 250 000 000 АҚШ долларын және 2048 жылы өтеу мерзімі бар (ISIN XS1807299331, Rule 144A ISIN US48667QAS49) жалпы негізгі сомасы 249 875 000 АҚШ долларын құрайтын өз еурооблигацияларын ішінара мерзімінен бұрын сатып алу рәсімін аяқтады.

Аталған еурооблигацияларды сатып алумен бір мезгілде ҚМГ оларды ұстаушыларға есептелген, бірақ төленбеген барлық сыйақыны төледі:

1. Еурооблигациялар (ISIN XS1595714087, Rule 144A ISIN US48667QAP00),

Төлеуге жататын сыйақы сомасы – 1 996 527,67 АҚШ доллары;

Нақты төленген сыйақы сомасы – 1 996 527,67 АҚШ доллары.

2. Еурооблигациялар (ISIN XS1807299331, Rule 144A ISIN US48667QAS49),

Төлеуге жататын сыйақы сомасы – 1 991 191,66 АҚШ доллары,

Нақты төленген сыйақы сомасы – 1 991 191,66 АҚШ доллары.

(ISIN XS1595714087, Rule 144A ISIN US48667QAP00) облигациялар жалпы номиналды сомасы 250 000 000 АҚШ долларын (әрқайсысының номиналды құны 1 000 АҚШ долларын құрайтын 250 000 дана) және (ISIN XS1807299331, Rule 144A ISIN US48667QAS49) облигациялар жалпы номиналды сомасы 249 875 000 АҚШ долларын (әрқайсысының номиналды құны 1 000 АҚШ долларын құрайтын 249 875 дана) 2025 жылғы 9 желтоқсанда күшін жойып, өтелді.

Ал (ISIN XS1595714087, Rule 144A ISIN US48667QAP00) облигациялардың қалған негізгі қарыз сомасы 1 000 000 000 АҚШ долларын (әрқайсысының номиналды құны 1 000 АҚШ долларын құрайтын 1 000 000 дана), сондай-ақ (ISIN XS1807299331, Rule 144A ISIN US48667QAS49) облигациялардың қалған негізгі қарыз сомасы 1 250 125 000 АҚШ долларын (әрқайсысының номиналды құны 1 000 АҚШ долларын құрайтын 1 250 125 дана) сатып алынған жоқ және айналымда қалуда.

дәйексөздің соңы

Хабарламаның қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі толық нұсқасы мына сілтеме бойынша орналастырылған – толығырақ

[2025-12-26]