25 желтоқсаннан бастап "MOST" микроқаржы ұйымы" ЖШС-ның KZ2P00016561 (MFSTb1) облигациялары баламалы алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE-нің ресми тізіміне енгізілді
/KASE, 25.12.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2025 жылғы 23 желтоқсанда "MOST" микроқаржы ұйымы" ЖШС-ның (Риддер) KZ2P00016561 (MFSTb1; 1 000 теңге, 2,5 млрд теңге; 12 ай; ай сайынғы купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы өткізілген сауда- саттықтың қорытындысы бойынша анықталады; 30/360) облигацияларын баламалы алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.
Басқарманың бұл шешімі 2025 жылғы 25 желтоқсаннан бастап күшіне енеді.
KASE-де осы облигациялармен сауда-саттықтың ашылуы туралы қосымша хабарланады.
"MOST" микроқаржы ұйымы" ЖШС қызметінің негізгі түрі – микрокредит беру.
Көрсетілген облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланған: толығырақ
[2025-12-25]