KZ
24 желтоқсан 2025, 18:22
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
24.12.2025 15:56 #Корпоративтік уақиғалар

"Қазақстан Халық Банкі" АҚ 2024 жыл үшін KZ000A0LE0S4 (HSBK) жай акциялары бойынша дивиденд төлеудің аяқталғанын хабарлады

/KASE, 24.12.25/ – "Қазақстан Халық Банкі" АҚ (KASE тикері – HSBK) келесіні хабарлады:

дәйексөздің басы

"Қазақстан Халық Банкі" АҚ (бұдан әрі – Банк) Банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында акционерлердің жалпы жиналысының отырысын өткізбестен сырттай дауыс беру арқылы қабылданған шешімге (2025 жылғы 22 қыркүйектегі № 53 хаттама) сәйкес Банктің жай акциялары бойынша (ISIN KZ000A0LE0S4) 2024 жылға бір жай акцияға есептегенде 21,00 теңге мөлшерінде дивиденд төлеудің аяқталғанын хабарлайды.

2025 жылғы 23 қыркүйекте күн басындағы (00 сағат 00 минут) (Алматы қаласы уақытымен) жай-күйі бойынша дивиденд алуға құқығы бар акционерлердің тізіміне сәйкес Банктің жай акциялары бойынша төленуге тиісті дивиденд мөлшері 229 193 967 765,00 теңге, оның ішінде Банктің шығарылған жай акциялары базалық активі болып табылатын жаһандық депозитарлық қолхаттар бойынша 63 679 290 360,00 теңге болды.

Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес Банкте немесе бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесінде немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде дивиденд төлеу үшін ағымдағы деректемелері бар Банк акционерлеріне нақты төленген дивидендтің сомасы, 2025 жылғы 25 қыркүйектен (дивиденд төлеу басталған күннен бастап) 2025 жылғы 21 желтоқсанға дейін қоса алғанда, 228 624 596 739,00 теңге, оның ішінде Банктің шығарылған жай акциялары базалық активі болып табылатын жаһандық депозитарлық қолхаттар бойынша 63 679 290 360,00 теңге болды.

Жалпы сомасы 569 370 543,00 теңге мөлшерінде есептелген, бірақ акционерлердің тиісті деректемелері болмағандықтан төленбеген дивидендті Банк 2025 жылғы 23 желтоқсанда "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ-та (бұдан әрі – Орталық депозитарий) Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғамдар туралы" Заңының талаптарына сәйкес талап етілмеген ақшаны есепке алу үшін ашылған шотқа аударды.

дәйексөздің соңы

Баспасөз мәлімдемесінің қазақ тіліндегі толық нұсқасы – толығырақ

Баспасөз мәлімдемесінің орыс тіліндегі толық нұсқасы – толығырақ

[2025-12-24]