KZ
24 желтоқсан 2025, 18:22
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
24.12.2025 14:33 #Қаржы құралдары

25 желтоқсаннан бастап KASE-де Invesco QQQ Trust, Series 1 ETF US46090E1038 (QQQ_KZ) сауда-саттығы тоқтатылады

/KASE, 24.12.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылғы 25 желтоқсаннан бастап KASE-де Invesco QQQ Trust, Series 1 ETF US46090E1038 ("KASE Global" секторы, QQQ_KZ) орталық контрагенттің қатысуымен жасалатын, есеп айырысуы 2026 жылғы 23 наурызға және одан кейінгі күндерге түсетін сауда-саттық режімдеріндегі репо операциялары бойынша сауда-саттық тоқтатылатынын хабарлайды.

Сауда-саттық "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты KASE-нің ішкі құжатының 13-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, KASE-де 2026 жылғы 23 наурызда көрсетілген бағалы қағаздар бойынша дивиденд төлеу тізілімі бекітілетіні туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.

Аталған бағалы қағаздардың биржадағы сауда-саттығы 2026 жылғы 26 наурыздан бастап қайта басталады.

[2025-12-24]