Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
24 желтоқсаннан бастап "ФинТехЛаб" микроқаржы ұйымы" ЖШС-ның KZ2P00016611 (MFDFb6) облигациялары баламалы алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE-нің ресми тізіміне енгізілді
/KASE, 24.12.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2025 жылғы 23 желтоқсанда "ФинТехЛаб" микроқаржы ұйымы" ЖШС-ның (Алматы) KZ2P00016611 (MFDFb6; $100, $1,0 млн; 360 күн; ай сайынғы купон, жылдық 10,00%; 30/360) облигацияларын баламал алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.
Басқарманың бұл шешімі 2025 жылғы 24 желтоқсаннан бастап күшіне енеді.
KASE-де аталған облигациялармен сауда-саттықтың ашылуы туралы қосымша хабарланады.
Көрсетілген облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ
[2025-12-24]