KZ
25 желтоқсан 2025, 04:04
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
24.12.2025 10:32 #Қаржы құралдары

24 желтоқсаннан бастап KASE-де "Нұрбанк" АҚ-тың KZ2C00005700 (NRBNb13) және KZ2C00005734 (NRBNb14) облигацияларымен сауда-саттық тоқтатылды

/KASE, 24.12.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылғы 24 желтоқсаннан бастап KASE-де "Нұрбанк" АҚ-тың келесі облигацияларымен сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды:

KZ2C00005700 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, NRBNb13);

KZ2C00005734 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, NRBNb14).

Сауда-саттық "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты KASE ішкі құжатының 13-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес "Нұрбанк" АҚ Директорлар кеңесінің көрсетілген облигациялар шығарылымының күшін жою туралы 2025 жылғы 11 желтоқсандағы шешіміне байланысты тоқтатылды.

[2025-12-23]