KZ
24 желтоқсан 2025, 00:21
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
23.12.2025 17:58 #Корпоративтік уақиғалар

"BASS Gold" ЖШС ынтымақтастық және Ұлытау облысындағы инфрақұрылымды дамыту перспективаларын талқылады

/KASE, 23.12.25/ – "BASS Gold" ЖШС (KASE тикері – FPST) төмендегіні хабарлады:

дәйексөздің басы

2025 жылғы 19 желтоқсанда Ұлытау облысы әкімдігінде "BASS Gold" ЖШС басшылығының өңірдің мемлекеттік органдары мен даму институттарының өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.

Талқылауға Ұлытау облысының әкімі Рыспеков Д.А., Жезқазған қаласының әкімі Шайжанов К.А., облыс әкімдігінің салалық басқармаларының басшылары, сондай-ақ "ҰЛЫТАУ" ӘКК" АҚ басқарма төрағасы Садыбеков Н.М. және "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ өңірлік директоры Тажиева А.Ж. қатысты.

Кездесу барысында "BASS Gold" ЖШС-ның бірқатар әлеуметтік маңызы бар бастамаға қатысу мүмкіндігі қаралды. Атап айтқанда, қалдықты қайта өңдеу саласындағы инвестициялық жобалар, Жезқазған қаласының тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасы және өзге де өзекті инфрақұрылымдық мәселелер талқыланды. Тараптар компанияның өңірдің әлеуметтік- экономикалық дамуына қосып отырған қазіргі үлесін атап өтіп, алдағы кезеңде іске асырылуы мүмкін бірлескен қызметтің әлеуетті бағыттарын айқындады.

дәйексөздің соңы

Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы мына сілтеме бойынша жарияланған: толығырақ

[2025-12-23]