23 желтоқсанда KASE-де есеп айырысу 25 желтоқсанда жүргізілетін МЕУКАМ KZKD00001178 (MUM144_0009) орналастыру бойынша мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті
/KASE, 23.12.25/ – Бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің есеп айырысу 2025 жылғы 25 желтоқсанда жүргізілетін (МЕУКАМ) KZKD00001178 (MUM144_0009) ұзақмерзімді мемлекеттік қазынашылық облигацияларын орналастыру бойынша мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді.
KASE қабылдаған хабарламаға сәйкес, эмитент номиналының 79,0854% деңгейінде (кірістілік – жылдық 15,50%) кесім бағасын белгілей отырып, номиналды құны бойынша жалпы сомасы 36 224 156 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырды. Қанағаттандырылған өтінімдер бойынша орташа сараланған таза баға номиналдың 79,2927% деңгейін құрады (кірістілік – жылдық 15,44 %).
Орналастыру нәтижесі туралы толығырақ жаңалық кейінірек жарияланады.
"Бүгін KASE-де есеп айырысу 25 желтоқсанда жүргізілетін және өтеуге дейінгі мерзімі 7,7 жыл болатын МЕУКАМ KZKD00001178 (MUM144_0009) орналастыру бойынша мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізіліп жатыр" деген KASE жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланған: толығырақ
[2025-12-23]