KZ
24 желтоқсан 2025, 16:58
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
23.12.2025 14:54 #Қаржы құралдары

24 желтоқсаннан бастап "Смартолет Финанс" МҚҰ" ЖШС-ның KZ2P00016256 (MFSFb7) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық режіміне көшіріледі

/KASE, 23.12.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылғы 24 желтоқсаннан бастап "Смартолет Финанс" МҚҰ" ЖШС-ның KZ2P00016256 (KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, MFSFb7; 1 000 теңге, 1,0 млрд теңге; 19.12.25 – 19.12.26; ай сайынғы купон, жылдық 23,00 %; 30/360) "таза" бағамен сауда-саттық режіміне көшірілетінін хабарлайды.

KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялар бойынша баға белгілеу дәлдігі облигацияның номиналды құнына пайызбен көрсетілген "таза" бағасының үтірден кейінгі оныншы белгісіне дейін белгіленеді; баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге.

Осы облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.

[2025-12-23]