KZ
26 желтоқсан 2025, 15:01
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
22.12.2025 16:04 #Қаржы құралдары

23 желтоқсаннан бастап KASE-де Micron Technology, Inc. компаниясының US5951121038 (MU_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық уақытша тоқтатылды

/KASE, 22.12.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылғы 23 желтоқсаннан бастап KASE-де Micron Technology, Inc. компаниясының US5951121038 ("KASE Global" секторы, MU_KZ) жай акцияларымен орталық контрагенттің қатысуымен жасалатын сауда-саттық режіміндегі және есеп айырысуы 2025 жылғы 29 желтоқсанға және одан кейінгі күндерге түсетін репо операциялары бойынша сауда-саттық уақытша тоқтатылатынын хабарлайды.

Сауда-саттық KASE-нің "Биржалық қызметті жүзеге асыру қағидалары" атты ішкі құжатының 13-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, KASE-де 2025 жылғы 29 желтоқсанда осы акциялар бойынша дивиденд төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты уақытша тоқтатылды.

Осы акциялармен KASE-дегі сауда-саттық 2025 жылғы 31 желтоқсанда қайта басталады.

[2025-12-22]