KZ
23 желтоқсан 2025, 07:52
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
22.12.2025 11:29 #Корпоративтік уақиғалар

"Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ есеп беру сапасы мен ESG бастамалары үшін жоғары баға алғанын хабарлады

/KASE, 22.12.25/ – "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (KASE тикері – BTRK) төмендегіні хабарлады:

дәйексөздің басы

2025 жылдың қорытындысы бойынша "Бәйтерек" Холдингі ашықтықтың жоғары деңгейі және орнықты даму қағидаттарын дәйекті түрде жүзеге асырғаны үшін берілген шетелдік марапаттарды қоса алғанда, бірқатар марапатқа ие болды.

Холдингтің 2024 жылғы жылдық есебіне RAEX шетелдік рейтинг агенттігінің бағалау нәтижелері бойынша ақпаратты ашып көрсетудің ең жоғары сапасы үшін "5 жұлдыз" берілді. "Бәйтерек" холдингі "Газпром", "Роснефть", "Росатом", "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" және "ҚазмұнайГаз" сияқты ірі компаниялармен қатар көшбасшылар қатарына енген Қазақстаннан шыққан алғашқы қаржы ұйымы болды, бұл есеп берудің ашықтық пен ақпаратты ашып көрсетудің үздік халықаралық тәжірибелеріне сәйкестігін растайды.

дәйексөздің соңы

Баспасөз мәлімдемесінің қазақ және орыс тілдеріндегі толық нұсқасы – толығырақ

[2025-12-22]