KZ
7 қаңтар 2026, 05:35
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
22.12.2025 10:15 #Қаржы құралдары

22 желтоқсаннан бастап KASE-де Freeport-McMoRan Inc. компаниясының US35671D8570 (FCX_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық уақытша тоқтатылды

/KASE, 22.12.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 22 желтоқсанынан бастап KASE-де KASE-де Freeport-McMoRan Inc. компаниясының US35671D8570 ("KASE Global" секторы, FCX_KZ) жай акцияларымен орталық контрагенттің қатысуымен жасалатын сауда-саттық режіміндегі және есеп айырысуы 2026 жылғы 15 қаңтарға және одан кейінгі күндерге түсетін репо операциялары бойынша сауда-саттық уақытша тоқтатылатынын және 2026 жылғы 19 қаңтарда қайта басталатынын хабарлайды.

Сонымен қатар STATE STREET SPDR BLOOMBERG 1-3 MON US78468R6633 ("KASE Global" секторы, BIL_KZ) ETF-імен орталық контрагенттің қатысуымен жасалатын сауда-саттық режіміндегі репо операциялары бойынша сауда-саттық 2026 жылғы 04 ақпанға дейін уақытша тоқтатылды.

Сауда-саттық KASE-нің "Биржалық қызметті жүзеге асыру қағидалары" атты ішкі құжатының 13-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес, KASE-де осы бағалы қағаздар бойынша дивиденд төлеу үшін тізілімнің тіркелетіні туралы ақпараттың болуына байланысты уақытша тоқтатылды.

[2025-12-22]