Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
22 желтоқсаннан бастап KASE-де "Банк ЦентрКредит" АҚ KZ2C00015865 (CCBNb38) облигацияларының сауда-саттығы басталады
/KASE, 19.12.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылғы 22 желтоқсаннан бастап KASE-де "Банк ЦентрКредит" АҚ-тың KZ2C00015865 (KASE негізгі алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, CCBNb38; $10 000, $50,0 млн; 10.12.25 – 10.12.26; 30/360) дисконттық облигацияларымен сауда-саттық ашылатынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигацияларға баға белгілеудің дәлдігі облигацияның номиналды құнынан пайызбен көрсетілген "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленді, баға белгілеу валютасы – АҚШ доллары.
Көрсетілген облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат сілтеме бойынша жарияланған: толығырақ
[2025-12-19]