KZ
19 желтоқсан 2025, 22:38
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
18.12.2025 18:03 #Сауда-саттық ақпараты

18 желтоқсанда Қазақстан қор биржасында "Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ KZ2C00011757 (JSBNb4) облигацияларын жылдық 17,50% мөлшеріндегі өтеуге кірістілікпен орналастырып, 57,0 млрд теңге тартты

/KASE, 18.12.25/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының сауда-саттық жүйесінде (KASE) "Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ KZ2C00011757 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, JSBNb4; 1 000 теңге, 100,0 млрд теңге; 13.12.24 – 13.12.29; жартыжылдық купон, жылдық 15,25 %, 30/360) әлеуметтік облигацияларын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтті. Төменде сұраным параметрлері мен мамандандырылған сауда-саттық нәтижесі көрсетілген.

СҰРАНЫМ ПАРАМЕТРЛЕРІ:

--------------------------------------------- ------------
Қатысушы саны:                                5           
Берілген өтінім саны (барлығы/белсенді),      6 / 2       
Белсенді өтінімдер көлемі*, млн теңге:        56 971,1    
Сұранымның ұсынымға қатынасы:                 100,0%      
Берілген өтінімдер бойынша "таза" баға,       93,7219     
номиналының % (барлығы/белсенді):                         
Берілген өтінімдер бойынша кірістілік,        17,5000     
жылдық % (барлығы/белсенді):                              
----------------------------------------------------------
* белсенді өтінімдер – өтінім беру кезеңі аяқталған сәтте 
  сауда-саттыққа қатысушылар күшін жоймаған, оған           
  қоса Растау жүйесіне қатысушылар растаған өтінімдер.      

Барлық белсенді өтінім көлемі институттық инвесторлардың үлесінде болды.

ОРНАЛАСТЫРУ НӘТИЖЕСІ:

------------------------------------------------------- ----------------
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі, облигация саны: 60 650 369      
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі, теңге:          56 971 139 034,8
Қанағаттандырылған өтінімдердің саны:                   2               
Өтінімдері қанағаттандырылған қатысушылар саны:         2               
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі, жоспардың %:    100,0           
Қанағаттандырылған өтінімдердегі                        93,7219         
"таза" баға, номиналдың %:                                              
Сатып алушы үшін облигациялардың өтеуге кірістілігі,    17,5000         
жылдық %                                                                
------------------------------------------------------------------------

"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ дерегіне сәйкес сауда- саттық нәтижесі бойынша есеп айырысу аяқталған сәтте осы орналастыру бойынша мәмілелер толық орындалды.

ОРНАЛАСТЫРУ ШАРТТАРЫ:

----------------------------------------- --------------------------------
Сауда-саттық өткізілетін күн:             18.12.25                        
Өтеуге дейінгі мерзім:                    4,0 жыл (1 435 күн)             
Орналастырудың жарияланған көлемі, теңге: 60 650 369 000                  
Лот мөлшері, дана:                        1                               
Сауда-саттық  мәні:                       "таза" баға                     
Сатып алуға берілген өтінім түрі:         шектелімді                      
Өтінім беру тәсілі:                       жабық                           
Өтінім қабылданатын уақыт:                10:00–12:00                     
Өтінім расталатын уақыт:                  10:00–12:00                     
Кесім уақыты:                             14:30 (Т+0)                     
Төлем жасалатын күн және уақыт:           18.12.25, 14:30                 
Өтінімдерді кесу әдісі:                   бағалары кесім бағасына тең     
                                          немесе одан төмен өтінімдер     
                                          кесімделеді                     
Өтінімдердің бағасына байланысты          кесім бағасына тең немесе сатушы
шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру     үшін ұтымдырақ болатын          
тәсілі:                                   шектелімді қарсы өтінімдердің   
                                          бағасы бойынша                  
Берілген кезегіне байланысты              қарсы өтінімдерді қабылдау      
шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру     уақыты бойынша                  
тәсілі:                                                                   
Сауда-саттықты өткізудің бастамашысы:     "Отбасы банк" тұрғын үй         
                                          құрылыс жинақ банкі" АҚ         
--------------------------------------------------------------------------

[2025-12-18]