KZ
19 желтоқсан 2025, 16:36
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
18.12.2025 17:08 #Қаржы құралдары

19 желтоқсаннан бастап KASE-де екі атаудағы бағалы қағаздармен сауда-саттық уақытша тоқтатылады

/KASE, 18.12.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылғы 19 желтоқсаннан бастап KASE-де төмендегі бағалы қағаздармен орталық контрагенттің қатысуымен жүргізілетін сауда-саттық режімдерінде жасалатын репо операциялары бойынша сауда-саттық уақытша тоқтатылатынын хабарлайды.

1) есеп айырысуы 2025 жылғы 24 желтоқсанда және одан кейінгі күндері жүргізілетін ProShares Short Bitcoin ETF US74347G1849 ("KASE Global" секторы, BITI_KZ) ETF-імен сауда-саттық 2025 жылғы 26 желтоқсаннан бастап қайта жүргізіледі;

2) есеп айырысуы 2025 жылғы 24 желтоқсанда және одан кейінгі күндері жүргізілетін ProShares Ultra Ether ETF US74349Y5713 ("KASE Global" секторы, ETHT_KZ) ETF-імен сауда-саттық 2025 жылғы 26 желтоқсаннан бастап қайта жүргізіледі.

Сауда-саттық KASE-нің "Биржалық қызметті жүзеге асыру қағидалары" атты ішкі құжатының 13-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес, KASE-де осы бағалы қағаздар бойынша дивиденд төлеу үшін тізілімнің тіркелетіні туралы ақпараттың болуына байланысты уақытша тоқтатылды.

[2025-12-18]