KZ
1 қаңтар 2026, 18:23
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
18.12.2025 15:48 #Корпоративтік уақиғалар

"КазТрансОйл" АҚ және "Транснефть" ЖАҚ 2026 жылы Қазақстан мұнайын тасымалдау туралы шартқа қол қойды

/KASE, 18.12.25/ – "КазТрансОйл" АҚ (KASE тикері – KZTO) төмендегіні хабарлады:

дәйексөздің басы

Бүгін Астанада "КазТрансОйл" АҚ және "Транснефть" ЖАҚ делегацияларының жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылап, 2026 жылы Қазақстан мұнайын Ресей Федерациясының аумағы арқылы транзиттік режимде тасымалдау жөнінен қызмет көрсету туралы шартқа қол қойды.

"КазТрансОйл" АҚ пен "Транснефть" ЖАҚ компанияларын мұнай тасымалдау саласындағы сенімді әрі өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген көпжылдық серіктестік қарым-қатынас байланыстырады. Компаниялардың бірлескен жұмысы Қазақстан мұнайының Ресей Федерациясының аумағы арқылы Новороссийск және Усть-Луга теңіз порттары бағытына, сондай-ақ Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының шекарасына дейін экспортталуын, одан әрі Еуропалық Одақ елдеріне тасымалдануын қамтамасыз етеді, сондай-ақ Ресей мұнайының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитін жүзеге асырады. Бұдан бөлек, ынтымақтастық Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарына мұнай жеткізу мәселелерін де қамтиды.

дәйексөздің соңы

Баспасөз мәлімдемесінің қазақ тіліндегі толық нұсқасы – толығырақ

Баспасөз мәлімдемесінің орыс тіліндегі толық нұсқасы – толығырақ

Баспасөз мәлімдемесінің ағылшын тіліндегі толық нұсқасы – толығырақ

[2025-12-18]