18 желтоқсаннан бастап KASE-де үш атаудағы жай акциялармен сауда-саттық тоқтатылады
/KASE, 17.12.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылғы 18 желтоқсаннан бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен сауда- саттық режімдерінде репо операциялары бойынша төмендегі жай акциялармен сауда-саттық тоқтатылатынын хабарлайды:
1) есеп айырысу күні 2026 жылғы 12 қаңтарға және одан кейінгі күндерге келетін US00206R1023 ("KASE Global" секторы, T_KZ) AT&T Inc. (АҚШ) сауда-саттық тоқтатылады, сауда-саттық 2026 жылғы 14 қаңтардан бастап қайта басталады;
2) есеп айырысу күні 2026 жылғы 15 қаңтарға және одан кейінгі күндерге келетін US0028241000 ("KASE Global" секторы, ABT_KZ) Abbott Lab. (АҚШ), сауда-саттық тоқтатылады, сауда-саттық 2026 жылғы 19 қаңтардан бастап қайта басталады;
3) есеп айырысу күні 2026 жылғы 23 қаңтарға және одан кейінгі күндерге келетін US7170811035 ("KASE Global" секторы, PFE_KZ) Pfizer Inc. (АҚШ) сауда-саттық тоқтатылады, сауда-саттық 2026 жылғы 26 қаңтардан бастап қайта басталады.
Сауда-саттық KASE-нің "Биржалық қызметті жүзеге асыру қағидалары" атты ішкі құжатының 13-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес осы жай акциялар бойынша дивиденд төлеу үшін акционерлер тізілімінің тіркелгені туралы KASE-де ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
[2025-12-17]