Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
18 желтоқсаннан бастап "Смартолет Финанс" микроқаржы ұйымы" ЖШС-ның KZ2P00015654 (MFSFb5) және "Fincraft Group" ЖШС-ның KZ2P00016330 (NCOMb9) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық режіміне көшіріледі
/KASE, 17.12.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылғы 18 желтоқсаннан бастап төмендегі облигациялар "таза" бағамен сауда-саттық режіміне көшірілетінін хабарлайды:
- "Смартолет Финанс" МҚҰ" ЖШС-ның KZ2P00015654 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар” санаты, MFSFb5; $100, $3,0 млн; 12.12.25 – 12.12.28; ай сайынғы купон, жылдық 12,00 %; 30/360) облигациялары;
- "Fincraft Group" ЖШС-ның KZ2P00016330 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, NCOMb9; $100, $10,0 млн; 12.12.25 – 12.12.26; жартыжылдық купон, жылдық 11,00 %; 30/360) облигациялары.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялар бойынша баға белгілеу дәлдігі облигацияның номиналды құнына пайызбен көрсетілген "таза" бағасының үтірден кейінгі төртінші ондық белгісіне дейін белгіленеді; баға белгілеу валютасы – АҚШ доллары.
[2025-12-17]