KZ
17 желтоқсан 2025, 17:05
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
17.12.2025 14:59 #Сауда-саттық ақпараты

17 желтоқсанда KASE-де есеп айырысу 19 желтоқсанда жүргізілетін МЕОКАМ KZK200000778 (MOM060_0055) орналастыру бойынша мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті

/KASE, 17.12.25/ – Бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің есеп айырысу 2025 жылғы 19 желтоқсанда жүргізілетін (МЕОКАМ) KZK200000778 (MOM060_0055) ортамерзімді мемлекеттік қазынашылық облигацияларын орналастыру бойынша мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді.

KASE қабылдаған хабарламаға сәйкес, эмитент номиналының 104,7487% деңгейінде (кірістілік – жылдық 15,49%) кесім бағасын белгілей отырып, номиналды құны бойынша жалпы сомасы 49 715 793 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырды. Қанағаттандырылған өтінімдер бойынша орташа сараланған таза баға номиналдың 104,8793% деңгейін құрады (кірістілік – жылдық 15,45 %).

Орналастыру нәтижесі туралы толығырақ жаңалық кейінірек жарияланады.

"Бүгін KASE-де есеп айырысу 19 желтоқсанда жүргізілетін және өтеуге дейінгі мерзімі 4,8 жыл болатын МЕОКАМ KZK200000778 (MOM060_0055) орналастыру бойынша мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізіліп жатыр" деген KASE жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланған: толығырақ

[2025-12-17]