KZ
17 желтоқсан 2025, 17:47
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
17.12.2025 12:03 #Корпоративтік уақиғалар

"КазТрансОйл" АҚ Польшада филиалын ашып жатыр

/KASE, 17.12.25/ – "КазТрансОйл" АҚ (KASE тикері – KZTO) төмендегіні хабарлады:

дәйексөздің басы

2025 жылғы 10 желтоқсанда "КазТрансОйл" АҚ Директорлар кеңесі Еуропалық Одақ аумағында компанияның алғашқы өкілетті өкілдігін – Польша Республикасында филиал ашу құру туралы шешім қабылдады.

Филиалдың ашылуы "КазТрансОйл" АҚ-тың Польшадағы мүддесін қорғауға, Қазақстан мұнайын басқа мемлекеттердің құбыр жүйелері арқылы тасымалдауды ұйымдастыруға, соның ішінде Беларусь Республикасының аумағы арқылы транзитке қатысуға, сондай-ақ "Адамова Застава" бекетінде Қазақстан мұнайын қабылдау және кейін Еуропа елдеріне жеткізу үшін тапсыру кезінде есеп жүргізуге бағытталған.

Аталған жобаны жүзеге асыру – Германияға, соның ішінде Шведт қаласындағы мұнай өңдеу зауытына тұрақты жеткізілімдерді қамтамасыз ету тұрғысынан стратегиялық мәнге ие және компанияның басым бағыттағы міндеттерінің құрамдас бөлігі. Филиалдың ашылуы Қазақстан мұнайын халықаралық баламалы бағыттар арқылы тасымалдауды әрі қарай дамытуға, жеткізілімдердің сенімділігін арттыруға және Қазақстанның әлемдік энергетикалық нарықтағы позициясын нығайтуға септігін тигізеді.

дәйексөздің соңы

Баспасөз мәлімдемесінің қазақ тіліндегі толық нұсқасы – толығырақ

Баспасөз мәлімдемесінің орыс тіліндегі толық нұсқасы – толығырақ

Баспасөз мәлімдемесінің ағылшын тіліндегі толық нұсқасы – толығырақ

[2025-12-17]