KZ
18 желтоқсан 2025, 10:24
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
17.12.2025 11:28 #Корпоративтік уақиғалар

"Эйр Астана" АҚ: BAE Systems компаниясының үлесін сататыны туралы мәлімдеме

/KASE, 17.12.25/ – "Эйр Астана" АҚ (KASE тикері – AIRA) төмендегіні хабарлады:

дәйексөздің басы

"Эйр Астана" акционерлік қоғамы ("Компания" және өзінің еншілес FlyArystan компаниясымен бірге – "Топ") BAE Systems компаниясының өтінімдер кітабын жедел қалыптастыру рәсімі арқылы Топтағы өз үлесінің бір бөлігін сатуды жоспарлап отырғаны туралы хабарламаны назарға алғанын мәлімдейді. Мәміле жөніндегі толық ақпарат тиісті жария ашып көрсетуде қамтылған.

BAE Systems компаниясы Air Astana құрылған сәттен бастап негізгі серіктес болып табылады. Топ 2001 жылы Қазақстан Республикасы мен BAE Systems арасындағы бірлескен кәсіпорын ретінде құрылған. 2024 жылғы IPO аясында BAE Systems өз үлесін 16,95 %-ға дейін қысқартты және содан бері авиакомпанияны қолдайтын акционер ретінде қалып, Директорлар кеңесінің мүшесі болып келеді. Біз Топтың BAE Systems компаниясының кең ауқымды қызметі тұрғысынан енді негізгі актив болып табылмайтынын түсінеміз және дамуындағы осы маңызды кезеңде Топ құрамына жаңа акционерлердің келуін құптаймыз. Сондай-ақ сату нәтижесінде акциялардың еркін айналымының ұлғайғанын атап өтеміз. Жақында Air Astana Топ тарихындағы ең ірі екі әуе кемесіне тапсырыс бергенін жариялады, бұл өңіріміздің өсу перспективаларына деген сенімді көрсетеді."

дәйексөздің соңы

Баспасөз мәлімдемесінің қазақ тіліндегі толық нұсқасы – толығырақ

Баспасөз мәлімдемесінің орыс тіліндегі толық нұсқасы – толығырақ

Баспасөз мәлімдемесінің ағылшын тіліндегі толық нұсқасы – толығырақ

[2025-12-17]