KZ
18 желтоқсан 2025, 05:11
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
15.12.2025 18:00 #Сауда-саттық ақпараты

Екі облыстың әкімдіктері 15 желтоқсанда KASE алаңында 2,4 млрд теңге тартты

/KASE, 15.12.25/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде жергілікті атқарушы органдардың екі облигациялық шығарылымын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтті.

Мамандандырылған сауда-саттық нәтижесі бойынша төмендегі облигациялар орналастырылды:

1) Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002871 (ZKK022_287; 1 000 теңге, 1 572 768 000 теңге; 15.12.25 – 15.10.27; жартыжылдық купон, жылдық 8,99 %; 30/360) облигациялары 1,6 млрд теңге көлемінде;

2) Қостанай облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002889 (KSK022_288; 1 000 теңге, 826 387 000 теңге; 15.12.25 – 15.10.27; жартыжылдық купон, жылдық 8,99 %; 30/360) 0,8 млрд теңге көлемінде.

Аталған облигациялар тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу объектілерінде тұрғын үй және (немесе) пәтер салуды және (немесе) сатып алуды қаржыландыру мақсатында шығарылды.

[2025-12-15]