Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
17 желтоқсаннан бастап "Mogo Kazakhstan (Мого Казахстан)" микроқаржы ұйымы" ЖШС-ның KZ2P00014467 (MFMOb30) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық режіміне көшіріледі
/KASE, 15.12.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылғы 17 желтоқсаннан бастап "Mogo Kazakhstan (Мого Казахстан)" микроқаржы ұйымы" ЖШС-ның KZ2P00014467 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MFMOb30; 1 000 теңге, 5,0 млрд теңге; 11.12.25 – 11.12.27; ай сайынғы купон, жылдық 22,00 %; 30/360) "таза" бағамен сауда-саттық режіміне көшірілетінін хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялар бойынша баға белгілеу дәлдігі облигацияның номиналды құнына пайызбен көрсетілген "таза" бағасының үтірден кейінгі оныншы белгісіне дейін белгіленеді; баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге.
[2025-12-15]