KZ
12 наурыз 2026, 19:39
KZ
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
15.12.2025 14:26 #Корпоративтік уақиғалар

"ҚазТрансОйл" АҚ 2025 жылғы желтоқсанда Қырғызстанға мұнай тасымалдау көлемін арттырады және Өзбекстанға транзитті қайта бастайды

/KASE, 15.12.25/ – "ҚазТрансОйл" АҚ (KASE тикері – KZTO) төмендегі ақпаратты хабарлады:

дәйексөздің басы

"ҚазТрансОйл" АҚ Қырғыз Республикасына мұнай тасымалы көлемін арттыратынын, сондай-ақ 2025 жылғы желтоқсанда Өзбекстан бағыты бойынша транзитті қайта бастайтынын хабарлайды.

Қырғызстанға мұнай тасымалдау биыл қараша айында қайта басталды, ал бұған дейін тасымал 2017 жылы жүргізілген болатын. 2025 жылдың соңына дейін "ҚазТрансОйл" АҚ Қырғызстанға 30 мың тоннаға дейін мұнай жөнелтеді.

Өзбекстанға мұнай транзиті ағымдағы жылдың желтоқсан айында 35 мың тоннаға дейінгі көлемде жоспарланған.

Екі бағытқа жеткізілетін мұнайдың жалпы көлемі 65 мың тоннаны құрайды, оның ішінде ағымдағы айда 55 мың тоннаға дейін жеткізіледі.

Мұнайды барлық бағыт бойынша тасымалдау магистральдық мұнай құбырлары жүйесі арқылы "ҚазТрансОйл" АҚ-тың "Шағыр" мұнай тиеу пунктіне дейін жүргізіледі, онда мұнай теміржол цистерналарына құйылады.

Мұнай тасымалының оң динамикасы халықаралық серіктестермен тиімді және өзара тиімді ынтымақтастық арқасында қол жеткізілді.

дәйексөздің соңы

Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы (қазақ тілінде) – толығырақ Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы (орыс тілінде) – толығырақ Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы (ағылшын тілінде) – толығырақ

[2025-12-15]