Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
АҚШ Қаржы министрлігінің US91282CGA36 (US_86_2512) халықаралық облигациялары айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты KASE-нің ресми тізімінен шығарылды
/KASE, 15.12.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылғы 15 желтоқсаннан бастап АҚШ Қаржы министрлігінің US91282CGA36 халықаралық облигациялары (мемлекеттік бағалы қағаздар секторы, US_86_2512; $39 999,0 млн; 15.12.22 – 15.12.25; жартыжылдық купон, жылдық 4,00 %; actual/actual) айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты KASE-нің ресми тізімінен шығарылғанын хабарлайды.
Аталған облигациялар KASE-нің ресми тізімінің "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына 2023 жылғы 06 қазаннан бастап енгізілген болатын. Олармен сауда-саттық 2025 жылғы 13 қазаннан бастап ашылған.
[2025-12-15]