Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"TAS FINANCE GROUP" микроқаржы ұйымы" ЖШС-ның KZ2P00010580 (MFTSb1) облигациялары айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты KASE-нің ресми тізімінен шығарылды
/KASE, 15.12.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылғы 15 желтоқсаннан бастап "TAS FINANCE GROUP" микроқаржы ұйымы" ЖШС-ның (Абай облысы) KZ2P00010580 облигациялары (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, MFTSb1; 500 000 теңге, 10,0 млрд теңге; 14.12.23 – 14.12.25; тоқсандық купон, жылдық 22,00 %; 30/360) айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты KASE-нің ресми тізімінен шығарылғанын хабарлайды.
Аталған облигациялар KASE-нің ресми тізіміне 2023 жылғы 05 желтоқсаннан бастап баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша енгізілген, 2025 жылғы 02 шілдеден бастап негізгі алаңның "облигациялар" санатына ауыстырылған. Бұл облигациялармен сауда-саттық 2023 жылғы 19 желтоқсаннан бастап ашылған.
[2025-12-15]