KZ
14 желтоқсан 2025, 11:53
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
12.12.2025 16:22 #Қаржы құралдары

12 желтоқсаннан бастап жергілікті атқарушы органдар облигацияларының екі шығарылымы KASE ресми тізімінің "мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына енгізілді

/KASE, 12.12.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2025 жылдың 12 желтоқсанынан бастап KASE ресми тізімінің "мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына мынадай облигациялар енгізілді:

1) Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002871 (ZKK022_287; 1 000 теңге, 1 572 768 000 теңге; 1 жыл 10 ай; жарты жылдық купон, жылдық 8,99 %; 30/360);

2) Қостанай облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002889 (KSK022_288; 1 000 теңге, 826 387 000 теңге; 1 жыл 10 ай; жарты жылдық купон, жылдық 8,99 %; 30/360).

Аталған облигациялар тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу объектілерінде тұрғын үй және (немесе) пәтерлер салуды және (немесе) сатып алуды, кері сатып алуды қаржыландыру мақсатында шығарылды.

Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ securities

[2025-12-12]