KZ
13 желтоқсан 2025, 21:53
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
12.12.2025 15:33 #Қаржы құралдары

15 желтоқсанынан бастап Қазақстан қор биржасында Caterpillar US1491231015 (CAT_KZ) және ORACLE CORPORATION US68389X1054 (ORCL_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатыла тұрады

/KASE, 12.12.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 15 желтоқсанынан бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен сауда- саттық тәртіптемелерінде репо операциялары бойынша келесі жай акциялармен сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды:

1) есеп айырысу күні 2026 жылдың 20 қаңтарына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін US1491231015 ("KASE Global" секторы, CAT_KZ) Caterpillar, сауда-саттық 2026 жылдың 22 қаңтарынан бастап қайта басталады;

2) есеп айырысу күні 2026 жылдың 09 қаңтарына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін ORACLE CORPORATION US68389X1054 ("KASE Global" секторы, ORCL_KZ), сауда-саттық 2026 жылдың 12 қаңтарынан бастап қайта басталады.

Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатыла тұрады.

[2025-12-12]