KZ
15 желтоқсан 2025, 13:19
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
12.12.2025 15:28 #Корпоративтік уақиғалар

"Маңғыстаумұнайгаз" АҚ-ның жалғыз акционері 2024 жылы қоғамның жай және артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдады

/KASE, 12.12.25/ – "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ (KASE тикеры – MMGZ) жалғыз акционердің 2025 жылдың 11 желтоқсанындағы шешімдері туралы хабарлады.

Жалғыз акционер, оның ішінде 2024 жылдың қорытындысы бойынша дивидендтер төлеуге қоғамның 20 155 010 000 теңге мөлшеріндегі бөлінбеген кірісін бөлу туралы шешім қабылдады:

  • бір жай және бір артықшылықты акцияға дивиденд мөлшері - 185,00 теңге;
  • 2025 жылдың 15 желтоқсанында артықшылықты акциялар бойынша 201 550 100 теңге мөлшерінде дивидендтер төленсін;
  • 2025 жылдың 17 желтоқсанында жай акциялар бойынша 19 953 459 900 теңге мөлшерінде дивидендтер төленсін.

Осы ақпарат орналастырылды – толығырақ

[2025-12-12]