KZ
14 желтоқсан 2025, 11:42
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
11.12.2025 15:54 #Корпоративтік уақиғалар

Шолпан Нурумбет "Home Credit Bank" АҚ ("Forte Bank" АҚ ЕБ) Басқармасының Төрағасы болып тағайындалды

/KASE, 11.12.25/ – "Home Credit Bank" АҚ ("Forte Bank" АҚ ЕБ) (KASE тикері – HCBN) былай деп хабарлады:

дәйексөздің басы

2025 жылғы 11 желтоқсан – "Home Credit Bank" АҚ (ДБ "ForteBank" АҚ) Директорлар кеңесі Басқарма құрамындағы кадрлық өзгерістер туралы хабарлайды. Қабылданған шешімге сәйкес, Шолпан Нурумбет Банктің Басқарма Төрайымы лауазымына тағайындалды.

Шолпан Нурумбет – Қазақстанның қаржы саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар жоғары білікті маман. Ол әр жылдары еліміздің жетекші банктерінде, соның ішінде "ForteBank" АҚ, "Банк Kassa Nova" АҚ және "Альянс Банк" АҚ құрылымдарында жауапты басшылық қызметтер атқарған.

"Интеграция кезеңінде Шолпан Нурумбеттің тағайындалуы Банктің басқару командасын айтарлықтай күшейтеді. Біз Кирилдің кәсібилігі мен Home Credit Bank-тің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін өз ризашылығымызды білдіреміз. Оның стратегиялық көшбасшылығы операциялық тұрақтылықты нығайтуға және Банкті трансформацияның келесі кезеңіне дайындауға мүмкіндік берді.

Қазіргі кезеңде Банктің басты міндеті – жұмыстың сабақтастығын қамтамасыз ету және клиенттерге қызмет көрсетудің жоғары стандарттарын сақтап қалу. Шолпан Нурумбеттің басқарушылық тәжірибесі біздің команданы күшейтіп, Банктің стратегиялық бағыттар бойынша ілгерілеуін жеделдетеді», – деді "Home Credit Bank" АҚ (ДБ "ForteBank" АҚ) Директорлар кеңесінің Төрағасы Тимур Исатаев.

дәйексөздің соңы

Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылды – толығырақ

[2025-12-11]