Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
BI Development Ltd. жеке компаниясының акционерлері компанияның 2024 жылдағы таза кірісін бөлу тәртібін бекітті
/KASE, 11.12.25/ – BI Development Ltd. жеке компаниясы (KASE тикері – BIGD) 2025 жылдың 03 желтоқсанында өткен акционерлердің жалпы жиналысының шешімдері туралы хабарлады.
Акционерлер келесі шешімдерді қабылдады:
- компанияның 2024 жылдағы таза табысын бөлу мынадай тәртіппен 76 031 037 000 теңге мөлшерінде бекітілсін:
- 38 161 340 030 теңге компанияның иелігінде одан әрі дамыту үшін қалдырылсын;
- бұрын жарияланған 32 314 141 414 теңгеге қосымша акционерлерге 5 555 555 556 теңге мөлшерінде дивидендтер төлеу.
Осы ақпарат орналастырылды – толығырақ
[2025-12-11]