Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
11 желтоқсаннан бастап Қазақстан қор биржасында "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ KZ2C00016368 (SKKZb30) және KZ2C00016376 (SKKZb31) облигацияларымен сауда-саттық ашылады
/KASE, 10.12.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 11 желтоқсанынан бастап "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-ның келесі облигацияларымен KASE-де сауда-саттық ашылатынын хабарлайды:
- KZ2C00016368 (KASE негізгі алаңы,"облигациялар" санаты, SKKZb30; 1 000 теңге, 45,0 млрд теңге; 05.12.25 – 05.12.40; қалқымалы жарты жылдық купон; жылдық 3,50 %; 30/360);
- KZ2C00016376 (KASE негізгі алаңы,"облигациялар" санаты, SKKZb31; 1 000 теңге, 45,0 млрд теңге; 05.12.25 – 05.12.40; қалқымалы жарты жылдық купон; жылдық 3,50 %; 30/360).
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге.
Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2025-12-10]