KZ
10 желтоқсан 2025, 12:47
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
10.12.2025 11:11 #Индекстер мен индикаторлар

10 желтоқсаннан бастап Қазақстан қор биржасында KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілдік тізімінен "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ KZ2C00007110 (KFUSb5) облигацияларын олардың айналым мерзімінің аяқталуына байланысты алып тастады

/KASE, 10.12.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 10 желтоқсанынан бастап негізгі алаңның корпоративтік облигациялар нарығының индикаторларын есептеу үшін өкілдік тізімнен (KASE_BM* сериясы) "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ KZ2C00007110 (KFUSb5) облигацияларын олардың айналым мерзімінің аяқталуына байланысты алып тастады (10 желтоқсан – өтеу кезінде тіркелген күні).

2025 жылдың 10 желтоқсанынан бастап KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілдік тізімі 74 атаудағы облигациялардан тұратын болады.

KASE_BMY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индикаторы.

KASE_BMC – жинақталған және төленбеген купондық сыйақыны есепке алмағанда бағалар бойынша есептелетін корпоративтік облигациялар бағасының индексі ("таза" бағалар бойынша).

Көрсетілген индикаторларды KASE корпоративтік облигациялармен сауда- саттық нәтижелері бойынша күніне бір рет есептейді.

Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2025-12-10]