09 желтоқсаннан бастап "KMF Банк" АҚ KZ2C00016426 (MFKMb8) облигациялары негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді
/KASE, 09.12.25/ – Қазақстан қор биржасының листингтік комиссиясы (KASE) 2025 жылғы 09 Желтоқсанда "KMF Банк" АҚ (Алматы) KZ2C00016426 (MFKMb8; 1 000 теңге, 20,0 млрд теңге; 3 жыл; тоқсандық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы өткізілген сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша шығару сәтінде қолданыстағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің мәні мөлшерінде, оған қоса жылдық 3,00 % мөлшерінде анықталатын болады; 30/360) облигацияларын негізгі алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның бұл шешімі 2025 жылдың 09 желтоқсанынан бастап күшіне енеді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигацияларды шығару 2025 жылдың 02 желтоқсанында 25,0 млрд теңге сомасына тіркелген "KMF Банк" АҚ бірінші облигациялық бағдарламасы шеңберінде бірінші болып табылады.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2025-12-09]