09 желтоқсаннан бастап Қазақстан қор биржасында төрт атаудағы жай акциялармен сауда-саттық тоқтатыла тұрады
/KASE, 09.12.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 09 желтоқсанынан бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде репо операциялары бойынша келесі жай акциялармен сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды:
1) US5949181045 ("KASE Global" секторы, MSFT_KZ) Microsoft Corporation, есеп айырысу күні 2026 жылдың 19 ақпанына және одан кейінгі күндерге сәйкес келеді; сауда-саттық 2026 жылдың 23 ақпанынан бастап қайта басталады;
2) US30303M1027 ("KASE Global" секторы, META_KZ) Meta Platforms, Inc. (АҚШ), есеп айырысу күні 2025 жылдың 15 желтоқсанына және одан кейінгі күндерге сәйкес келеді; сауда-саттық 2025 жылдың 17 желтоқсанынан бастап қайта басталады;
3) US92343V1044 ("KASE Global" секторы, VZ_KZ) Verizon Communications Inc., есеп айырысу күні 2026 жылдың 12 қаңтарына және одан кейінгі күндерге сәйкес келеді; сауда-саттық 2026 жылдың 14 қаңтарынан бастап қайта басталады;
4) US8552441094 ("KASE Global" секторы, SBUX_KZ) Starbucks Corporation (АҚШ), есеп айырысу күні 2026 жылдың 13 ақпанына және одан кейінгі күндерге сәйкес келеді; сауда-саттық 2026 жылдың 16 ақпанынан бастап қайта басталады.
Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де көрсетілген жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатыла тұрады.
[2025-12-09]