KZ
11 желтоқсан 2025, 08:39
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
08.12.2025 12:03 #Қаржы құралдары

08 желтоқсаннан бастап "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ KZ2C00016095 (BRKZb47) және KZ2C00016103 (Brkzb48) облигациялары негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

/KASE, 08.12.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2025 жылдың 04 желтоқсанында "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ (Астана) келесі облигацияларының негізгі алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады:

  • KZ2C00016095 (BRKZb47; 1 000 теңге, 50,0 млрд теңге; 10 жыл, құбылмалы жарты жылдық купон – TONIA Compounded + тиянақталған маржа, маржа мөлшері облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу нәәтижелері бойынша анықталатын болады; actual/365);
  • KZ2C00016103 (BRKZb48; 1 000 теңге, 50,0 млрд теңге; жыл, құбылмалы жарты жылдық купон – TONIA Compounded + тиянақталған маржа, маржа мөлшері облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда- саттықты өткізу нәәтижелері бойынша анықталатын болады; actual/365).

Листингілік комиссияның бұл шешімі 2025 жылдың 08 желтоқсанынан бастап күшіне енеді.

KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигациялардың шығарылымдары 2023 жылдың 20 наурызында 150,0 млрд теңге сомасына тіркелген "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ тоғызыншы облигациялық бағдарламасы шеңберінде үшінші және төртінші болып табылады.

"Қазақстанның Даму Банкі" АҚ қаржылық кеңесшілері мен андеррайтерлері "SkyBridge Invest" АҚ және "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ болып табылады.

Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ

[2025-12-08]