08 желтоқсаннан бастап "R-Finance" микроқаржы ұйымы" ЖШС облигацияларының үш шығарылымы баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді
/KASE, 08.12.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2025 жылдың 04 желтоқсанында "R-Finance" микроқаржы ұйымы" ЖШС (Астана) келесі облигацияларын баламалы алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады:
1) KZ2P00016173 (MFRFb25; 1 000 теңге; 5,0 млрд теңге; 2 жыл; ай сайынғы купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда- саттықты өткізу нәтижелері бойынша анықталатын болады; 30/360);
2) KZ2P00016306 (MFRFb26; 1 000 теңге; 6,0 млрд теңге; 3 жыл; ай сайынғы купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда- саттықты өткізу нәтижелері бойынша анықталатын болады; 30/360);
3) KZ2P00016314 (MFRFb27; 1 000 теңге; 5,0 млрд теңге; 3 жыл; ай сайынғы купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда- саттықты өткізу нәтижелері бойынша анықталатын болады; 30/360).
Листингілік комиссияның бұл шешімі 2025 жылдың 08 желтоқсанынан бастап күшіне енеді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымдары 2025 жылдың 04 шілдесінде 30,0 млрд теңге сомасына тіркелген "R-Finance "микроқаржы ұйымы" ЖШС екінші облигациялық бағдарламасы шегінде төртінші, бесінші және алтыншы болып табылады.
Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2025-12-08]