08 желтоқсаннан бастап KASE KASE_ESGB* сериясы индикаторларының өкілдік тізімінен "Арнур Кредит" МҚҰ" ЖШС kz2p00010226 (MFACb2) облигацияларын олардың айналым мерзімінің аяқталуына байланысты алып тастады
/KASE, 08.12.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 08 желтоқсанынан бастап KASE_ESGB* сериясының индикаторларын есептеу үшін "Арнур Кредит" МҚҰ" ЖШС-нің KZ2P00010226 (MFACb2) облигацияларын олардың айналым мерзімінің аяқталуына байланысты өкілдік тізімінен алып тастады.
2025 жылдың 08 желтоқсанынан бастап KASE_ESGB* сериясы индикаторларының өкілдік тізімі 20 атаудағы облигациялардан тұратын болады.
KASE_ESGB_CP – жинақталған және төленбеген купондық сыйақыны есепке алмағанда бағалар бойынша есептелетін ESG-облигациялардың "таза бағалар" индексі, %.
KASE_ESGB_DP – есептелген купондық сыйақыны және қайта инвестицияланған купондық төлемді ескере отырып, бағалар бойынша есептелетін ESG-облигациялардың "таза емес бағалар" индексі, %.
KASE_ESGB_Y – ESG-облигацияларының кірістілік индикаторы, %.
Көрсетілген индикаторларды KASE корпоративтік облигациялармен сауда- саттық нәтижелері бойынша күніне бір рет есептейді.
Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мынасілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2025-12-08]