KZ
10 желтоқсан 2025, 15:30
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
08.12.2025 09:51 #Қаржы құралдары

"Fincraft Group" ЖШС KZ2P00008832 (NCOMpp1) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

/KASE, 08.12.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 08 желтоқсанынан бастап "Fincraft Group" ЖШС KZ2P00008832 ("жеке орналастыру" алаңы, NCOMpp1; $1 000, $100,0 млн; 08.12.22 – 08.12.25; жартыжылдық купон, жылдық 10,50%; 30/360) облигациялары айналым мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылғанын хабарлайды.

Аталған облигациялар 2022 жылдың 30 қыркүйегінен бастап "Жеке орналастыру" алаңына KASE ресми тізіміне енгізілген.

[2025-12-08]