Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
Еуразиялық даму банкінің KZ2D00015401 (EABRb57) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды
/KASE, 08.12.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 08 желтоқсанынан бастап Еуразиялық даму банкінің KZ2D00015401 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb57; 1 000 рубль, 2,0 млрд рубль; 07.11.25 – 07.12.25; actual/365) дисконттық облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылғанын хабарлайды.
Аталған облигациялар KASE ресми тізімінің "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына 2025 жылдың 11 қыркүйегінен бастап енгізілді. Олармен сауда-саттық ашылған жоқ.
[2025-12-08]